Конституция күні қарсаңында Семейдің Абай атындағы музейінің қызметкерлері, ұлы ойшылдың 1885 жылы жазылған Қарамола жарғысын ұсынды

Заңдар жинағы 2018 жылы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы қызметкерлерінің Қазан қаласына қызметтік іс-сапары барысында табылды. Кодекс 1885 жылы Қарамола елді мекеніндегі съезде, Абай жоғарғы би болып сайланғанда қабылданған. Содан кейін, Семей әскери губернаторының бұйрығымен құжат Қазан университетінің баспасында араб әліпбиімен шығарылған.

Қарамола жарғысы – бұл адам құқығын және бостандығын қорғау туралы ережелер жинағы. Мамандардың атап өтуінше, бұл жұмыс Абайды, адамдардың өмірін жеңілдету үшін көптеген жағалықтар енгізген демократ ретінде көрсетеді.

–           1885 жылы Қарамола елді мекенінде билердің съезді өтті. Осы съезде Абай жоғарғы би болып сайланды. Ресей үкіметінің жергілікті өкілдері Абайдан Ресейлік және жергілікті заңдар арасындағы заңдар жинағын жазып беруді өтінген. Үш күн ішінде, билермен кеңесе отырып, Абай осы жарғыны жазып шықты.

Бұрын бізде осы жарғының тек кириллицамен жазылған нұсқасы ғана болған. Ол біздің мұражайда 60-жылдардан бастап сақталуда. Жарғының осы нұсқасын бізге кириллицадан Қазақстан ғылым Академиясының қызметкері Қ.Қаңтарбаев аударып берген. Құжаттың түпнұсқасы болмаған. Бұл құжаттың маңыздылығы, енді зерттеушілер кириллицаның машинкамен жазылған көшірмесін түпнұсқамен салыстыра алатын болады. Сонымен қатар, бірқатар сұрақтардың шешіміне нүкте қоюға болады, себебі бұған дейін кейбір тараулар бойынша дау-дамайлар орын алған болатын. Кириллицаға аударғанда да қателіктер кетуі мүмкін еді. Зерттеушілер үшін бұл өте үлкен олжа. Конституция күніне орай осы заңдар жинағын келушілерге көрсетуді маңызды деп санаймыз, – деді Абай атындағы мұражайдың директоры Мейрамгүл Қайрамбаева.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *