ШҚО-да дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

“Білім және ғылым-елдің тұрақты дамуының кепілі”. Осындай атаумен онлайн-форматта педагогтардың облыстық тамыз конференциясы өтті.

Конференцияға облыс педагогтарынан басқа Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мухамедчинов Азамат Маратұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Унжакова Ирина Сергеевна, “НЗМ” ББҰ Басқарма Төрайымы Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы, оқу орындарының әлеуметтік серіктестері: “Дегдар” гуманитарлық қоры, “Дара” қайырымдылық қоры, “Казцинк” ЖШС, “AITASkz”АҚ қатысты.

Кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындылары талқыланып, алдағы оқу кезеңіне арналған міндеттер айқындалды.

Өткен оқу жылы білім беру жүйесі үшін ерекше болды. Қысқа уақыт ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шұғыл түрде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруды әзірлеу бойынша жүйелі қадамдар жасалды. Білім берудің жаңа форматына қарамастан, мұғалімдер сабақтарды ұйымдастыра алды.

Облыста 796 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар, сондай-ақ, шағын орталықтар. Облыста балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 1 жастан 6 жасқа дейін – 88%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% құрайды. Жыл басынан бері 5 балабақша іске қосылды. Бұл мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 10%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

“Орта білім беруге келетін болсақ, ағымдағы жылы ШҚО-да 193 553 оқушы білім алып, 24 045 педагог жұмыс істейтін 647 жалпы білім беру мектебі өз жұмысын бастайтын болады. Барлық мектептер оқушыларды қабылдауға дайын. Бірінші сынып оқушылары үшін дәстүрлі алғашқы қоңырау соғылады”, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Барлық мектептер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, оқытудың әртүрлі форматына (дәстүрлі, аралас, қашықтықтан) кірісуге дайын. “Кел, балалар, оқылық!” атты бірінші сынып оқушыларына арналған қоңырауда алғашқы сауат ашар оқулық “Әліппе”, “Букварь” ұсынылады. Іс-шарада бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының бірінің қатысуы ұсынылды. 2021 жылғы 1 қыркүйекте 2-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздіктің жетістіктері” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.

Айта кету керек, мұғалімнің жүктемесі 18-ден 16 сағатқа дейін төмендеді. Ал сабақтың ұзақтығы 45 минут болады. Білім алушылардың оқу жүктемесі төмендетілді.

Барлық білім беру ұйымдарында цифрлық платформаларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Мысалы, 1-11 сынып оқушыларына Білім және ғылым министрлігі ұсынған мазмұнды платформалар пайдаланылатын болады.

Оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта жедел басқару орталықтарына шығарылған барлық мектептер мен балабақшаларда бейнебақылау бар. Турникеттер орнатылды. Олар арқылы балалар карточкалар бойынша өтеді. Осылайша, ата-аналар қауіпсіздік мақсатында баланың қозғалысын бақылай алады.

Қалалар мен аудандардың мектептерінде мамандандырылған күзет қызметі енгізілуде. Сонымен қатар, балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге жедел әрекет ету үшін Өскемен және Семей қалаларының 146 білім беру ұйымының ведомствоаралық бірыңғай Ахуалдық орталығымен және Ішкі істер департаменті жанындағы Орталық жедел басқарумен бейнебақылау жүйесін интеграциялау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді”,- деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов.

Конференция барысында пандемия кезінде көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін оқу орындарының әлеуметтік серіктестері, 2020-2021 оқу жылында жоғары нәтижелерге қол жеткізген педагогтар, студенттер мен оқушылар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Алғаш рет “Педагог мәртебесі туралы” заң шеңберінде облыстың үздік педагогтері өңірлік наградалармен: “Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген ұстазы” төсбелгісімен және “Шығыс Қазақстан облысының білім беру ісіне қосқан үлесі үшін” құрметті атағымен 600 мың теңге сомасына сертификат табысталды.

Семей қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясы “Орта білім беретін үздік ұйым – 2021″облыстық конкурсының жеңімпазы облыс әкімінің 34 млн теңге грантымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *