Семейде Орталық кітапханада мекеме базасында жұмыс істейтін қолөнер үйірмелері мүшелерін басын қосқан қайырымдылық кеші өтті

–          Біздің кітапханадағы қолөнер үйірмесіне аптасына екі рет мүмкіндігі шектелген адамдар келеді. Бүгін біз соларға арнап қайырымдылық акциясын өткізіп отырмыз. Осы акция жыл сайын өткізіледі және біз үшін дәстүрге айналды. Бүгінгі шараның атауы – «Мейірімді болса жүрек, орындалар барша тілек». Сондай-ақ іс-шараға Семей гарнизоны әскери полициясының ұжымы, есту қабілеті нашар және естімейтін балаларға арналған қалалық интернаттың тәрбиешілері және де жеке кәсіпкерлер қатысуда, – деді Орталық кітапхана қызметкері, мерекелік шараны ұйымдастырушылардың бірі Жанат Әбілмәжінова. 

Іс-шара барысында қолөнер үйірмесінің мүшелеріне қолөнерге қажетті аксессуарлар табысталды және мерекелік фуршет ұйымдастырылды. 

–          Өткен жылдарда біз мерекелік шараны кең көлемде өткізгенбіз, ал биылғы жылы, шектеу шараларына байланысты бүгінгі шараға 20-ға жуық үйірме мүшесі қатысты. Бұған қарамастан, біз өз дәстүрімізді өзгертпей кездесу өткіздік. Өйткен бұл шара олар үшін өте маңызды, – деп қорытындылады Жанат Әбілмәжінова.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығыСемейде Орталық кітапханада мекеме базасында жұмыс істейтін қолөнер үйірмелері мүшелерін басын қосқан қайырымдылық кеші өтті.

–          Біздің кітапханадағы қолөнер үйірмесіне аптасына екі рет мүмкіндігі шектелген адамдар келеді. Бүгін біз соларға арнап қайырымдылық акциясын өткізіп отырмыз. Осы акция жыл сайын өткізіледі және біз үшін дәстүрге айналды. Бүгінгі шараның атауы – «Мейірімді болса жүрек, орындалар барша тілек». Сондай-ақ іс-шараға Семей гарнизоны әскери полициясының ұжымы, есту қабілеті нашар және естімейтін балаларға арналған қалалық интернаттың тәрбиешілері және де жеке кәсіпкерлер қатысуда, – деді Орталық кітапхана қызметкері, мерекелік шараны ұйымдастырушылардың бірі Жанат Әбілмәжінова. 

Іс-шара барысында қолөнер үйірмесінің мүшелеріне қолөнерге қажетті аксессуарлар табысталды және мерекелік фуршет ұйымдастырылды. 

–          Өткен жылдарда біз мерекелік шараны кең көлемде өткізгенбіз, ал биылғы жылы, шектеу шараларына байланысты бүгінгі шараға 20-ға жуық үйірме мүшесі қатысты. Бұған қарамастан, біз өз дәстүрімізді өзгертпей кездесу өткіздік. Өйткен бұл шара олар үшін өте маңызды, – деп қорытындылады Жанат Әбілмәжінова.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *