Семейде «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы жүзеге асырылуда

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдан бастап Комсомол кентінде көп балалы отбасыларға арналған он жалданбалы үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта тұрғын үй кезегінде 12 070 отбасы, 923 көп балалы отбасы, 2141 толық емес отбасы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 487 отбасы кезекте тұр. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференция барысында Семей қ. ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова мәлімдеді.

–           Осы санаттағы азаматтар «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алады. Бағдарлама «Отбасы банкі» АҚ Семей филиалы арқылы жүзеге асырылады. Аталған бағдарлама бойынша құжат тапсырған үміткерлер жеке тұрғын үй құрылысына құжат тапсыруға құқылары бар. Сонымен қатар мемлекет тарапынан үлкен көмек бар. Қазіргі уақытта мемлекет аталған бағдарлама бойынша тұрғын үй аламын дегендерге, бастапқы жарна ретінде 1 миллион теңге көлемінде тұрғын үй сертификатын беруге мүмкіндігі бар, – деді Диана Шаяхметова.

Қазан айының басында мемлекеттік қызметкерлерге арналған бағдарлама әзірленді. Кезекте тұрған 5296 мемлекеттік қызметкерлерден 2460 әлеуметтік сала мамандары іріктеліп алынды. Олар келер жылы «Отбасы банкі» арқылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін үй сатып алуларына және Комсомол кентінен үй алу үшін алғашқы жарна ретінде 1,5 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификатын алуларына болады.

«Отбасы банкі» Семей филиалының директоры Равиль Сәбитов атап өткендей, бүгінгі таңда кентте 25 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 19 пәтер салымшылармен түрлі бағдарламалар бойынша брондалды.

–           Әкімдікпен жер бөлінді, құрылыс салушылармен үйлер тұрғызылды. Жалпы алаңы 114 шаршы метрді құрайтын үш бір пәтерлі және 83 шаршы метрден тұратын жеті екі пәтерлі үй тұрғызылды. Жобаға сәйкес үйде  3 тұрғын бөлме қарастырылған: қонақ бөлме, жатын бөлме және ас бөлмесі. Ас үй бөлмесінде алжапқыш орнатылған және жуынатын бөлме керамикалық плиткалармен қапталған, от жағуға арналған орын-жайда бар. Айта кетейік, жеке тұрғын үйді сатып алған бірінші адам, өз қалауы бойынша, қаражатына байланысты, газбен немесе пешпен жылыту жүйесін таңдай алады. 114 шаршы метр алаңдағы тұрғын үйдің (бұл жеке орналасқан үй) құны – 15 млн теңгеден асады. Банк бағдарлама кезегінде тұрған адамдардың санын шектемеді. ЖТҚ шеңберінде кез-келген адам «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» және банктің басқа да бағдарламалары бойынша жеке үй сатып ала алады, – деп қорытындылады Равиль Сәбитов.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *