«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеті

2021 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарды, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контексінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 13 қазанда онлайн форматта «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының облыстық слеті өтті.
Слетке білім беру бөлімдерінің басшылары, «Адал ұрпақ» клубтарының жұмысын және оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесін қадағалайтын мамандар, «Парасатты отбасы» отбасылық оң тәжірибені тарату конкурсының, «Адалдық – ең асыл қасиет» эссе конкурсының жеңімпаздары қатысты, Ютуб арнасының тікелей эфиріне облыстың білім беру ұйымдарының директорлары қосылды.
Слет қатысушыларын қарсы ала отырып, білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Шаухина парасаттылық негіздері, оқушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық ұстанымы мен құқықтық мәдениетін тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп отыратынын атап өтті. Клуб қатысушылары өздерінің құқықтық сауаттылығын, құқықтық нормаларын арттыратындығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысатындығына ризашылығын білдірді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бірінші орынбасары Ж.Байділдин «Адал Ұрпақ» клубтарының жұмысы балалардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін, сондай-ақ өзін-өзі жетілдіру мен қажеттілігін дамытуға, азаматтық және құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, парасаттылық, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап айтты.
Қатысушылардың назарына Алтай қаласы №8 ОМ «Адал ұрпақ» клубтарының жұмыс презентациясы және Семей қаласының Т. Аманов атындағы №16 ЖОББМ бейнеролигі ұсынылды.
Соңында облыстық конкурстардың жеңімпаздары, Алтай қаласы, Шемонаиха және Аягөз аудандарының «Адал ұрпақ» үздік клубтары және оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесіне жетекшілік ететін облыстың қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің мамандары грамоталармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *