Семейлік самбошылар Әлем Чемпионатында үш қола медаль жеңіп алды

Грекияда самбодан жастар арасында Әлем Чемпионаты өтті. Чемпионатқа 26 елдің мықты деп танылған спортшылары қатысты.

 

Әлем Чемпионаты Грекияның Салоники қаласында өтті. Қазақстан құрама командасы сапында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшылары күш сынасты. Олар ел қоржынына үш қол медаль әкелді. Жалпы, қазақстандық команда екі алтын, төрт күміс, он қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте ел құрамасы үшінші орынды жеңіп алды.

 – Әлем біріншілігінде біздің спортшылар жақсы өнер көрсетті. Есентай ИМАХАНОВ 64 келіде, Нұрым ҚАЙРОЛЛИН 58 келіде, қыздар арасында Ажар АСХАТ 80 келіде өнер көрсетті. Балалар дайындықтары мықты болды және жақсы нәтиже көрсетті, – деді ҚР құрамасының бас бапкері, ШҚО аға бапкері Біржан Имаханов.  

Семейлік Ажар АСХАТ осындай жоғарғы деңгейдегі жарыста бірін рет қатысуда. Есентай ИМАХАН кадеттер мен жасөспірімдер чемпионаттарында екі мәрте жүлдегер танылған. Нұрым ҚАЙРОЛЛИН – Азия Чемпионатының қола жүлдегері.

–  Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей қаласы бойынша №1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, самбо күресінен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушысы Мерейғалы Көшкіновке, спортшылардың бапкерлері Қайрат Күнсафинге және Біржан Имахановқа, сондай-ақ барша жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз, – деді жүлдегерлер.

Биылғы жылы самбо күресін Олимпиадалық спорт түрлері тізіміне енгізілді. Біздің спортшыларымызда 2024 жылы Францияда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуға барлық мүмкіндіктері бар.

 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *