Абайдың “Жидебай-Бөрілі” қорық-мұражайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің “Тамыры терең туған жер” көрмесі ашылды. Экспозицияда 100-ден астам экспонат қойылған. Келушілердің назарына Павлодар өңірінің тарихы ұсынылды.

–Көрмеге музей қорындағы жәдігерлер қойылған. Мұнда біздің аймақтың танымал тұлғалары, оның қасиетті және тарихи орындары туралы баяндалады. Біз Абай мұражайымен меморандумға қол қойдық. Нәтижесінде жылжымалы көрмелер мен іс-шаралар өткізілетін болады. Осы көрменің көмегімен Семей тұрғындары мен қала қонақтарын Павлодар өңірінің тарихымен таныстырғымыз келеді. Бүгінгі таңда көптеген экспонаттар, соның ішінде палеонтологиялық, археологиялық және этнографиялық олжалар бар. Олардың көмегімен келушілер ежелгі дәуірдің өмірімен таныса алады. Сондай-ақ, көрмеде Қаныш Сәтпаев, Шәкен Айманов, Жаяу Мұса, Естай Беркімбаев және басқа да танымал тұлғалардың өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын құнды жәдігерлер ұсынылған. Сондай-ақ Қоянды жәрмеңкесі туралы көбірек ақпар алуға болады. Барлығы жүзден астам экспонат бар, – дейді Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының өкілі Гүлжайнат Әлиева.

Айта кетейік, көрмені бір ай көлемінде келіп, тамашалауға болады.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *