Семейде вакцинациялау кампаниясы жалғасуда

Бүгінгі таңда Семейдегі № 12 алғашқы медико-санитарлық көмек емханасында КВИ қарсы 10 мыңнан астам адам вакцина алды. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте аталған емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Назигүл Ряшева мәлімдеді.

–          Қалада вакцинаның төрт түрі бар, олар – «Спутник V», «QazVac», «VeroCell» және «CoronaVac». Қазіргі уақытта біздің емханада «Спутник V» вакцинасы бар. Бүгінгі күні вакцинаның бірінші және екінші компонентімен 10057 адам вакцинацияланды, бұл бекітілген тұрғындардың 91%. Вакцинаны жүкті әйелдерге, созылмалы аурулары бар адамдарға алуға болмайды. «Спутник V» вакцинасы екі кезеңде жүргізіледі. Вакцина алғандар 100% вирустан қорғалмаған, алайда олар оны жеңіл түрде өтеді, – деп хабарлады Назигүл Ряшева.  

Сонымен қатар брифингте қоғамдық орындарда маска тағу қажеттігі және де әлеуметтік арақашықтықты сақтау айтылды.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *