«Жолда қабылдау» акциясы

Қараша айының бірінші аптасында Семейде 200-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды.

Бұл туралы, азаматтарды қабылдау шеңберінде ШҚО ПД Семей қ. ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция подполковнигі Әділбек Нығманов айтып өтті.

–          31 қазаннан 7 қарашаға дейінгі аралықта Семейде «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өтті. Оның мақсаты – көлік жүргізушілерінің көліктік тәртібін жоғарлату, жол-көлік оқиғалары санын азайту, сондай-ақ жол ережелерін бұзуды ескерту. Жедел шара барысында қала көшелерінде рейдтер жүргізілді. Аталған мерзімде 2156 жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркелді, – деді Әділбек Нығманов.

Полиция қызметкерінің айтуынша, ең көп бұзушылықтар – қауіпсіздік белбеулерін тақпау және көлік басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалану. Сондай-ақ, жол ережелерін тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілердің өздері де бұзады.

–          Көлік құралдарын мас күйінде жүргізудің 19 жағдайы, қарсы бағытқа шығудың 14, ұялы телефонды пайдаланудың 182, қауіпсіздік белбеуін тақпаудың 257 фактісі, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 257 фактісі және маневр жасау ережелерін бұзудың 169 жағдайы, сондай-ақ жаяу жүргіншілер тарапынан ережені бұзудың 408 фактісі анықталды, – деп қорытындылады Әділбек Нығманов.

Сонымен қатар, 9-10 қарашада «Қауіпсіз жол» ЖААШ шеңберінде «Жолда қабылдау» акциясы өтеді. Акция барысында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында шетелдік есепте тұрған көлік құралдарын пайдалану және оларды тіркеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *