Семейде Ф.М.Достоевскийдің туған күнін тойлауда

Биылғы жылы жаһандық қауымдастық Федор Михайлович Достоевскийдің туғанына екі жүз жыл толуын атап өтуде. Биылғы жыл семейдегі Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі үшін мерекелі жыл. Егер 11 қарашада жазушының туғанына 200 жыл толса, 7 мамырда Семейдегі музейдің ашылғанына 50 жыл толды. Бүгін қаламызда ұлы жазушының 200 жылдығы атап өтілді.  Мерекелік іс-шара «Шоқан Уәлиханов және Федор Достоевский» ескерткішіне гүл шоғын қоюмен басталып, Достоевскийдің музей-үйіне экскурсия жасаумен жалғасты.

–           Біз бүгін Федор Михайлович Достоевскийдің 200 жылдығын атап өтудеміз. Біздің бағдарлама ауқымды. Ол гүл шоғын қоюмен басталды және музей бойынша экскурсиямен жалғасты. Қонақтар әдеби экспозияцияларымен және жазушының мемориалды үйімен танысты. Сонымен қатар жоспар бойынша невзоровтар отбасы атындағы музейде екі музей қорындағы материалдар бойынша бірлескен көрме ашылады. Сондай-ақ, Достоевскийдің шығармашылық жолы мен өміріне арналған «Эпизоды» көрмесі ашылады. Абай атындағы кітапхана да  көрмеге Достоевскийдің өмір жолы туралы кітаптарды қояды. Маңызды қонақтар келеді, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің, облыстық және қалалық әкімдіктің және ШҚО мәдениет басқармасының өкілдерін күтіп отырмыз, – деді Ф.М.Достоевский атындағы музейдің бас қор сақтаушысы Татьяна Титаева.

Мерекелік шара кешкі сағат 17:00-де Абай атындағы театрда Ф.М.Достоевский «Дядюшкин сон» повесі бойынша спектакль көрсетілімімен аяқталады.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *