Бүгін әлем орыс жазушысы, ойшылы, философ және публицист Федор Достоевскийдің туғанына 200 жыл толуын мерекелеуде

Жазушының мерейтойы Семейде де кең көлемде аталып өтті. Невзоровтар отбасы атындағы музейде «Шоқан Уәлиханов және Федор Достоевский кескіндеме, графика және мүсін өнерінде» атты көрмесі өтті. Көрмеге Невзоровтар отбасы атындағы және Ф.М.Достоевский музейілерінің қорындағы қазақстандық және ресейлік өнер шеберлерінің туындылары қойылды.

–           Біздің музей қорында Федор Достоевскийдің шығармаларымен, атымен байланысты өнер туындылары көп емес. Бірақта, сәтімізге қарай, біздің жанымызда Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі орналасқан. Біз Федор Михайлович Достоевскийдің бейнесіне және кескіндеме, графика және мүсін өнеріне арналған бірлескен көрме өткізуді шештік. Біз қордағы Достоевскиймен байланыстының барлығын жинадық. Бүгінгі көрмеге кескіндеме, графика және мүсін өнеріндегі екі музейдің экспонаттары қойылды, – деді Невзоровтар отбасы атындағы музейдің директоры Татьяна Стромская.

Көрменің орталық экспонаты – қазақстандық мүсінші Л.Ядринцевтің «Ш.Уәлиханов пен Ф.Достоевскийдің Семейдегі кездесуі» атты туындысы. Айта кетейік, автордың өзі ХІХ ғасырда декабристермен, содан кейін Ф.М.Достоевскийдің өзімен кездескен сібірлік халық еркіндігілердің бірінің ұрпағы. Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің бейнесі бейнеленген семейлік суретшілердің жұмыстары да қойылды. Көрменің жеке бөлімі Ф.М.Достоевскийдің шығармаларындағы, «Идиот», «Преступление и наказание», «Униженные и оскорбленные» және «Неточка Незванова» иллюстрацияларға арналған.

Көрме желтоқсан айының ортасына дейін жалғасады.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *