Семейде жасөспірімдерді вакциналау басталды

Семейге “Pfizer” вакцинасының бірінші компоненті әкелінді.  Екпе егу ерікті түрде және міндетті түрде ата-аналардың рұқсатымен жүргізіледі. Вакцинацияға 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер жіберіледі. “Pfizer” құрамында коронавирус бөлшектері жоқ. Вакцинациядан кейін жасөспірімнің денесінде антиденелер мен иммунитет пайда болып, бұл оларды КВИ-ден қорғауға септігін тигізеді.

– Бүгін бізге жасөспірімдерді вакцинациялайтын “Pfizer” вакцинасы келіп түсті. Бұл вакцинаға 12 жасқа дейін немесе 18 жастан асқан, 16 аптаға дейін және 37 аптадан асқан жүктілік, сондай-ақ ауыр аллергиялық қарсы реакциялары барлар жіберілмейді. Балалар кәмелетке толмағандар болғандықтан, вакцинация ата-аналардың ерікті келісімімен жүргізіледі. Вакцинациядан бұрын ПТР алудың қажеті жоқ. Бала медициналық тексеруден өтіп, қысымы және сатурациясы тексеріледі. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, онда баланы вакцинациялауға рұқсат етіледі. Осыдан кейін бала 30 минут бойы бақылау бөлмесінде болады.  Әзірге бірінші компонент болса, екіншісі 21 күннен кейін қойылады, – дейді Семей теміржол ауруханасының жалпы практика дәрігері Виктория Глухова.

 

Алғашқы күні екпені Дүйсенби Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің студенттері алды.

 

– Бүгін біз үшін айтулы күн. Біз кәмелетке толмаған студенттеріміз үшін алғашқы вакцинаны күттік. Ата-аналармен және студенттермен әңгімелер, сынып сағаттары және жиналыстар өткізілді. Ата-аналар өз келісімдерін беріп, біздің студенттер бүгін алғашқы вакцинаны сәтті алды. Кәмелетке толмаған балалар үшін бұл өте маңызды. Өйткені вакцина алғаннан кейін иммунитет күшейеді. Біздің барлық ұжымымыз бен кәмелетке толған студенттеріміз қазірдің өзінде вакцинацияланды. Енді кәмелетке толмаған оқушылар да вакцинаны алғаннан кейін, біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, КВИ – мен күреске өз үлесімізді қоса аламыз,-дейді Д.Қалматаев атындағы колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Аида Ульбауова.

Вакцинацияның маңыздылығын студенттердің өздері де атап өтті.

– Мен өз еркіммен және үлкен жауапкершілікпен вакцинациялау туралы шешім қабылдадым. Әрине, ата-аналардың рұқсатымен. Болашақта мен, медицина қызметкері ретінде, ауруханада балалармен жұмыс істеймін және жақын адамдарымның өміріне қауіп төндіргім келмейді. Менің ойымша, вакцина бізге ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және бізді коронавирустан қорғауға мүмкіндік береді”, – дейді колледж студенттерінің бірі Кристина Глушко.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *