Семейде екі полиция модульды бекеті ашылды

 Олардың бірі – Қ.Мұхамедханов көшесі бойындағы Орталық алаң аялдамасында, екіншісі – М.Әуезов даңғылындағы М.Әуезов алаңында орналастырылды.

Сервистік полиция жұмысының басты принципі құқық бұзушылықты анықтау емес, ал оның жолын кесу,  кез-келген уақытта көмек көрсетуге дайын болу және қауіпсіздік мәселелерін бірлесе шешу үшін тұрғындармен сенімді қатынастар орнату.

–           Полицияның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау. Мемлекет басшысының тапсырмасымен және министрдің нұсқауымен қызмет көрсетудің сервистік моделі басым бағыт болып табылады. Бүгін бізде Қарағайлы ықшам ауданында учаскелік полиция пункті ашылды, сонымен қатар халық көп жиналатын орындарда екі полиция модульді бекеті ашылды. Бүгінгі таңда барлығы Семейде және Өскеменде жеті модульді бекеттер жұмыс істеп тұр, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған бекеттердің мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың өтініштерін қабылдау. Модульді бекеттің қызметкерлері аумақты патрульдеу, азаматтарды қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады, бұл азаматтарға кез келген уақытта көмекке жүгінуге немесе толғандырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді. Модульді бекет барлық қажетті жабдықтармен, желдету, дабыл, жылу, жарық және электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *