Жыл басынан бері Семейде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы байқалады

Экономиканың көптеген базалық салаларында көрсеткіштердің өсуі қамтамасыз етіліп, орташа жалақы 22,7% – ға ұлғайды. 3,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл туралы АКҚ- де өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев мәлімдеді.

– Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 245 млрд теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс өсімі 37,3 млрд теңгеге қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 43,6 млрд.теңгені өсімдік шаруашылығы бойынша – 25,3 млрд теңгені, мал шаруашылығы бойынша – 18,2 млрд теңгені құрады. Ет өндірісі 2,7% – ға, сүт өндірісі 2,7% – ға, жұмыртқа өндірісі 2,7 есе өсті. Ірі қара мал басының саны 8,6% – ға, қой мен ешкі 7,2% – ға және жылқы 15,5% – ға артты, – деп хабарлады Дархан Жөргекбаев.

Сондай-ақ, бөлшек тауар айналымының көлемі 206,2 млрд теңге сомасында жұмсалғаны атап өтілді. Қалаға 78,5 млрд. теңге инвестиция тартылды.

– “QAZAQ ASTYQ GROUP” ЖШС базасында өнімдерді өңдеу бойынша автоматтандырылған кешен енгізілді. Инвестиция көлемі – 9,1 млрд теңгені құрайды. 220 жұмыс орны құрылды. “Семей құс” ЖШС қызметі қайта жанданып, 2021 жылдың соңына дейін 12 млн.дана жұмыртқа өндіру жоспарлануда. “Бизнестің жол картасы-2025″ бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде”, – деп түйіндеді Дархан Жөргекбаев.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *