Семейде КВИ-ға қарсы вакцинациялау кампаниясы жалғасуда

Бүгінгі таңда Орталық қарау емханасында вакцинаның бірінші компонентін 11 мыңнан астам адам, екінші компонентін 10 мыңнан астам адам алды. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Дана Ерғожина мәлімдеді.

–           Біздің емханаға 12 839 адам бекітілген. Бірінші компонентпен 11 039 адам, екінші компонентпен 10 093 адам вакцинацияланды. Медициналық тұрғыда 1 834 адамға екпе салынған жоқ. Бүгінгі таңда емханада вакцинаның екі түрі бар, олар – «Спутник V» және «QazVac». Сонымен қатар, жұмадан бастап балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасын қойып бастадық. Бүгінгі күні Pfizer вакцинасымен 60-қа жуық адам вакцинацияланды. Сонымен бірге мобильді бригадалар жұмыс жасауда. Әрине, вакцина алғандар арасында КВИ-мен ауырғандар да бар, бірақ олар ауыруды жеңіл өткізеді. Сондықтан қала тұрғындарын өздерінің денсаулығы мен жақындарының қауіпсіздігіне қамқорлық жасап,  вакцина алуға шақырғым келеді, – деп қорытындылады Дана Ерғожина.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *