Семейде Pfizer вакцинасымен иммундеу жалғасуда

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын қала бойынша 4744 бала мен жасөспірім, 86 жүкті әйел және 338 бала емізетін әйел алды. Сонымен қатар жасөспірімдерді вакцинациялау қатаң түрде ата-анасының келісімдері арқылы жүргізілуде. Вакцинацияның барысы туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей медициналық университетінің «Балалардың жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша жоғарғы санаттағы дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Анаргүл Мансұрова айтып берді.

–           Қараша айынан бастап 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, сондай-ақ жүкті және емізетін әйелдерді вакцинациялау басталды. Бір жастан 11 жасқа дейінгі балалар ауырғанда, статистика бойынша, вирусты жеңіл өткереді. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – олар жасөспірімдер, олардың ағзалары бала мен ересек адам арасында, оларда короновируспен ауырады және вирусты ересек адамдар сияқты өткереді. Асқынулары мен ауыр түрлері де орын алады. Бір жасқа дейінгі балаларға тоқталсақ, олар жұқпалы ауыруларды ауыр өткереді. Егер отбасында бір жасқа дейінгі балалар болса, онда барлық отбасы мүшелері, үлкені бар, кішісі бар барлығы бірдей вакцина алғандары жөн. Короновирус инфекциясы жалғасуда, штамм мутациялануда. Пандемия қашан бітетіні белгісіз. Pfizer – балалар мен жасөспірімдерге арналған американдық вакцина, қазіргі уақытта ол Қазақстанда тіркелген және балаларға екпе қою рұқсат етілген. Ең бастысы Pfizer вакцинасы вакцинациялау мақсатында әлемдік денсаулық сақтау ұйымымен мақұлданған. Дәл осы Pfizer компаниясында осы вакцинаны балаларға қолдану бойынша сенімді, ғылыми дәлелденген негіздемелер бар, – деп түсіндірді Анаргүл Мансұрова.

Сонымен қатар маман вакцинаның қауіпсіз екенін атап өтті.

–           Бірден айтып өтейін, вакцина құрамына вирус кірмейді. Ауыру тудыру үшін бүтін вирустың өзі қажет. Бірде-бір вакцинада ол жоқ. Олардың құрамында вирустың тек аз мөлшері бар, онымен күресу үшін адам ағзасында антиденелер қалыптасады. Егер, вакцина алған адам науқастанған жағдайда, оның денесінде вирусқа төтеп беретін қорғаныс механизмі болады. Вакцинация бойынша кампанияны бастамас бұрын Денсаулық сақтау министрлігі нормативті-құқықтық құжат әзірлейді, құжатта вакцинаны тасымалдау, қандай жағдайда сақтау және оны жібіту регламенттеледі. Бұл вакцинада екі кезеңде жүргізіледі, аралығы 21-28 күн. Барлығы қауіпсіз, – деп қорытындылады Анаргүл Мансұрова. 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *