Семейде “Ашық жүрек” атты слет өтті

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ұйымдардың қатысумен техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында, ШҚО білім басқармасы, “Авиценна” Жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен  “Ашық жүрек” еріктілер слеті өтті. Іс-шараға 80-нен астам ұйым қатысты.

–           Қала басшылығы атынан және өз атымнан сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған осындай маңызды іс-шарамен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Іс-шараға қатысушылардың әрқайсысы, ашық жүректіктің, адамгершілік пен гуманизмнің не екенін жақсы біледі. Осы іс-шара барысында әркім өз тәжірибесімен бөлісіп, өздеріне қандайда бір жаңашылдық ашады деп үміттенемін, – деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.

Слеттің маңыздылығын еріктілердің өздеріде атап өтуде.

–           Мен «Авиценна» колледжіндегі «Импульс» еріктілер клубының мүшесімін. Қазір мен үшінші курста білім алудамын, ерікті ретінде бірінші курстан бастап айналысамын. Мен әрқашан адамдарға көмектескім келді, міне сондықтан мен өзім үшін медицина мамандығын таңдадым. Жалпы, біздің еріктілер клубы бұрыннан бері жұмыс жасауда, біз қарттар мен мүгедектер үйлеріне барып, медициналық көмектер көрсетеміз, балалар үйлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға барамыз. Ол жерлерде біз қан қысымдарын өлшейміз, кеңестер береміз, қолдан келгенше барлық көмек жасаймыз. Бізге еріктілердің жұмысы ұнайды, адамдарға көмектескен ұнайды. Жалпы алғанда ерікті адам, ол – жан-жақты көмек көрсетуге дайын ерікті адам болып табылады. Бүгінгі слет барлық елдердің қатысушыларының басын қосты, – деді еріктілердің бірі, «Авиценна» колледжінің студенті Дариға Айданбекова.  

Слет offline форматта және Қазақстан Республикасының басқа қалаларының қатысушылары мен көрші мемлекеттердің білім беру мекемелерінің қонақтары үшін  online форматта, ZOOM платформасында өтті.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *