Семейде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрмелер өтті

Ф.М.Достоевский атындағы музейде павлодарлық суретші В.Ф.Поликарповтың «Родительница степь» атты көрмесі өтті. Экспозицияға суретшінің оннан астам туындылары қойылды.

– Биылғы жыл біз үшін айтулы жыл болды. Биылғы жылы біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын және ұлы орыс жазушысы Федор Михайлович Достоевскийдің  туғанына 200 жыл толуын атап өтудеміз. Сондай-ақ 7 мамырда Семейдегі Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды музейінің құрылғанына 50 жыл толды. Бүгін, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап музейде суретші В.Поликарповтың сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оның туындыларының барлығы патриотизмге толы, даланың сұлулығын бейнелейді. Өкінішке орай, суретшінің өзі келе алмады, бір ай ішінде біздің музейге келіп, кездесу өткізеді деп үміттенемін, – деді музейдің экспозияциялық-көрме жұмыстары секторының меңгерушісі Владимира Соловьева.

Осы күні Невзоровтар отбасы атындағы музейде тағы бір көрме өтті. Бұл жерде көрермендердің назарына 40 автордың өнер туындылары көрсетілді. Пейзаждар, портреттер, натюрморттар, иллюстрациялар, тарихи-тақырыптық композициялар бар. Келушілер кескіндеме, графика, мүсін және инсталляция өнерлерін тамашалады.   

–           Бүгін, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында біз келушілерге жергілікті суретшілердің жұмыстарын ұсындық. Тәуелсіздік күні – бұл біздің ортақ мереке, ол бізге күш-қуат береді. Бүгінгі біздің көрмеге 40 автордың 150-ден астам жұмыстары қойылды. Түрлі кескіндеме және графика жанрлары ұсынылды. Біздің музей үшін қуанышты жағдай, себебі қаламыздың сурет өмірі сөнген жоқ, соның дәлелдемесі бүгінгі бізде өткен көрме, – деді музей директоры Татьяна Стромская. 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты көрме ұйымдастырылды.

–           Көрме Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып өтуде. Іс-шара музей жұмысшыларының, қала басшылығы өкілдерінің және көрермендердің басын қосты. Сонымен қатар шараға қала әкімі Бақытжан Байахметов қатысты, қатысушыларды келе жатқан жалпыұлттық мерекемен құттықтады. Бүгінгі көрмеге музей тарихын, тәуелсіздік жылдарында не өзгергенін бейнелейтін экспонаттар қойылды, – деді абай музейінің ғылыми қызметкері Азамат Қажыбай.

Көрмеден бөлек осы күні музейде «Мәңгілік ел тұғыры – Тәуелсіздік!» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шара барысында бірқатар музей қызметкерлері құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *