Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және Семей» атты көрме ашылды

Көрмеде Семей өңірінің Қазақстанның 30 жыл тәуелсіздігі ішіндегі қол жеткізген жетістіктері мен елеулі оқиғаларын, соның ішінде құрылыс саласындағы жетістіктерді, мәдени-рухани өмірді бейнелейтін фотосуреттер қойылады. Тәуелсіздік таңындағы ең маңызды оқиғалар Семей ядролық полигонның жабылуы, Абайдың 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуі болды. Сондай-ақ қазақ халқының ұлы тұлғалары: Шәкәрім, Ә.Бөкейханов пен Алаш қозғалысының өкілдері, Қ.Рысқұлбеков, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұхамедханов және тағы басқалардың есімдерін дәріптеуге мүмкіндік туды.

Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында салынған ең ірі нысан Ертіс өзен арқылы өтетін аспалы көпір.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің және қаламыздың экономикалық және әлеуметтік өмірінде, білім мен денсаулық сақтау жүйесінде өзгерістер орын алды. Осы өзгерістердің барлығы көрме экспозициясында бейнеленген.

–           Осы көрменің мақсаты, тәуелсіздік бізге не бергенін және осы уақыт аралығында Қазақстан қандай жетістіктерге қол жеткізгенін көрсету. Өзгерістер өмірдің барлық саласында орын алды. Мысалға, қазір қазақстандықтар өздерінің жеке бұқаралық ақпарат құралдарын ашуға мүмкіндік алды. Тәуелсіздіктің алғашқы бесжылдығы сынақ полигонының жабылуын және Ұлы Абайдың  жылдығын атап өтумен өтті. Бұған дейін біз ұлы жерлесіміздің шығармашылығын танымал ете алмадық, өйткені сол уақытта біз тәуелсіз мемлекет болған жоқпыз. Енді, тәуелсіздік алғаннан кейін біз Абай есімін танымал ете аламыз. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында халқымыз кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік алды. Адамдар өздерінің жеке істерін ашып, бизнеспен жүргізуде. 90-жылдардың соңы 2000-жылдардың басындағы маңызды оқиғалардың бірі – Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы, ал одан кейін, жаңа Қарағайлы ықшам ауданының бой көтеруі болды. Бүгінгі таңда қаламызда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және өмірдің басқа салалары қарқынды дамуда. Біз, әлеуметтік және экономикалық қиындықтарға қарамастан тәуелсіздік әр тұрғын үшін қасиетті ұғым болу керек екенін көрсеткіміз келді, – деді өлкетану музейінің жоғарғы санаттағы маманы Мирас Құсайынов.

 

Көрмеге Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде қаланың, Семей өңірінің қол жеткізген жетістіктері бейнеленген фотосуреттер қойылған. Экспозиция келушілерді еліміздің құрылыс, мәдениет және рухани өмір салаларындағы жетістіктермен таныстырады. 

Көрме үш ай жалғасады.

 

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *