Шығыс Қазақстан облысына “Еңбек”бағдарламасы бойынша 6000-ға жуық адам тұрақты тұру үшін қоныс аударған

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ШҚО қоныс аударушыларды қоныстандыру өңірі ретінде танылды. 2017 жылдан 2021 жылға дейін квота бойынша біздің облысқа 5970 адам келген. Ерікті қоныс аударушыларға жалпы сомасы 1,4 млрд.теңге субсидия төленді.
2017-2021 жылдары “Еңбек” бағдарламасын іске асыру басқа мемлекеттік даму бағдарламаларымен бірге еңбек және жұмыспен қамту нарығына оң пайдасын тигізді. Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, қажетті мамандардың жұмыспен қамтылуын көздеді.
Биылдан бастап жұмыссыздарды “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” жаңа ұлттық жобасы шеңберінде қабылдайтын болады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы  іске асырылатын болады.
Ағымдағы жылы қаржыландырудың барлық көздерінен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға 6,7 млрд.теңге көзделген.
Бағдарламамен тек жастарды ғана емес, сонымен қатар аға буын өкілдерін қамту үшін биыл “Күміс жас” жаңа жобасы әзірленді. Ол зейнет жасына жақын адамдар  үшін субсидияланатын жұмыс орындарын құру болып табылады. 1 қатысушыға берілетін субсидия 91 890 теңгені (немесе жалақының 50%) құрайды. Ағымдағы жылы осы бағдарламамен 530 адамды қамту көзделіп отыр. 584 млн теңгеге бюджеттік өтінім дайындалды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы жастарға зейнеткерлік жас алдындағы жұмысшылардан жинақталған тәжірибе мен дағдыларды беру үшін арнайы жұмыс орнын құруды көздейтін “Ұрпақтар келісімшарты” жобасы жалғасатын болады.
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар мөлшері 200 АЕК – тен 400 АЕК-ке дейін немесе 1 225 200 теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл мүмкіндікті: аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар, қоныс аударушылар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар, мүгедектер, жастар пайдалана алады.
Аталған мақсаттарға республикалық бюджеттен 728 млн.теңге бөлінді. Ал, бұл 594 грант бөлуге мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *