Биылғы жылы Семейде жалпы көлемі 449,3 мың шаршы метрді құрайтын 4 967 пәтердің құрылысы жоспарлануда

Жалпы құны 57,8 млрд теңге. Олардың ішінде көппәтерлі тұрғын үй – 75, несиелі – 38, екеуі сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үй, коммерциялық үйлер – 35. Сонымен қатар жеке инвесторлар және тұрғындар есебінен жеке тұрғын үй құрылыстары жоспарлануда. Бұл туралы толығырақ Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық құрлыс бөлімінің басшысы Сұңғат Аманбеков айтып берді. 

–           Құрылыс басқармасымен Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орынға және Водный кентінде 600 орынға арналған екі мектептің жобасы, сонымен қатар мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде тағы үш бала-бақша құрылыстарының жобалары әзірленуде. Қарағайлы ықшам ауданында 320 орынға арналған бала-бақша құрылысы жоспарлануда, инвесторы – «Сәт Транс» ЖШС. Жобаның алдын ала құны – 1 270,0 млн теңге. Жоба әзірленуде. Сондай-ақ Восход кентінде 140 орынға арналған бала-бақшаның құрылысы жоспарда бар. Инвесторы – «Фирма Азия» ЖШС, алдын ала есеп бойынша жобаның құны – 800,0 млн теңге. Бұл жобада әзірленуде. Бобровка кентінде 320 орынға арналған бала-бақша бой көтеретін болады. Инвесторы – «Салқынбаева А.М.» ЖК, жобаның құны – 1 270,0 млн теңге, – деп мәлімдеді Сұңғат Аманбеков.  

            Сонымен қатар, биылғы жылы құрылыс басқармасымен Ұшақтар кентінде 210 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар ауруханасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша «ИНСОН» ЖШС меморандум жасау қарастырылуда.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *