Жыл басынан бері Семейде 500-ден астам жұптың некесі тіркелген

Ал, 100- астам адам ажырасуға өтініш бердіБұл туралы АКҚ-де өткен брифингте Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Баян Бейсекеева мәлімдеді.

– Жыл басынан бері 561 ерлі-зайыптылар некелерін тіркеп, 129 отбасы некесін бұзды. Бала туу туралы айтатын болсақ, биыл 1768 нәресте дүниеге келді. Ал, өткен жылы Семейде 6898 жаңа туған нәресте тіркеліп, 2595 жұп некеге тұрып, 426 бұзылды. Тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстыруға 223 өтініш қабылданды, – деді Баян Бейсекеева.

Қазіргі уақытта АХАЖ бөлімі ХҚКО арқылы онлайн форматта да, электрондық үкімет порталы арқылы да жұмыс істейді.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *