Семейде 22 сәуірден бастап «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылып бастады

 Жоба қала тұрғындарын спорт түрлеріне үйретуге бағытталған, сонымен қатар осы спорт түрлері бойынша секцияларға тегін қатысуға мүмкіндік береді. Үйірмелерде жоғары білікті нұсқаушылар мен бапкерлер жаттықтырады. Осы маусымда оған 5 спорт түрі ұсынылған: каратэ, скандинавиялық серуендеу, жүгіру, фитнес және үстел теннисі. Бұл туралы толығырақ Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында қалалық спорт бөлімінің бас маманы Бақытжан Егізбаев айтып берді. 

«Жоба 22 сәуірде басталды. Қазір қаладағы орындары белгіленді. Жоба мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Үйірмелерде жергілікті бапкерлер жаттықтырады, үйірмелер тегін. Кейбір жас шектеулері бар. Мысалға, каратэ үйірмесіне 7 жастан, скандинавиялық серуендеуге, фитнеске және үстел теннисіне 18 жастан бастап жазылуға болады», – деді Бақытжан Егізбаев.

Келесі байланыс телефоны арқылы секцияға жазылуға немесе жоба туралы қосымша ақпараттар алуға болады: 8-707-618-43-43.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *