ШҚО-да «Тәлімгер Вожатый Fest-2022» фестивалі өтті

Мемлекет басшысы биылғы жылды «балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың саулығына, білім сапасының артуына ерекше көңіл бөлінетінін айтқан еді.  Бүгінде білім ұяларында соңғы қоңырау соғылып, оқу жылы аяқталды. Міне балалардың қызықты жазғы демалысыда басталды. Демек жазғы демалыстың тиімді әрі әсерлі өтуі сондағы тәлімгерлердің білім-біліктілігіне тікелей байланысты екенін жоққа шығармаймыз. Осы орайда  шырайлы шығыста «Тәлімгер – Вожатый FEST-2022» облыстық фестивалі өтіп, сайыс нәтижесінде өңіріміздің ең өнерлі, жаңашыл, үздік тәлімгерлері анықталды. ШҚО-ғы жоғары оқу орындары мен колледждерде педагог-ұйымдастырушы мамандығы бойынша білім алып жүрген болашақ тәлімгерлер бақ сынап, әр алуан өнерін ортаға салды. Жалпы фестивальдің мақсаты – жазғы кезеңде балалардың сауықтыруын, демалысын тиімді, сапалы ұйымдастыру және тәлімгерлердің кәсіби шеберлік деңгейін арттырумен қатар, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Қатысушы командалар «Өзін-өзі таныстыруы» «Лагерьдегі бір күн», «Қызықты ойын», «Жағдаяттық тапсырмалар» сынды байқаудың 4 кезеңі бойынша  сайысқа түсті. Қатысушыларды балалар мен жастар ұйымдарының жетекші мамандары бағалады. Нәтижесінде өңіріміздегі ең үздік тәлімгерлері Абай атындағы Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледжінің командасы бас жүлдені және «Керемет Тәлімгерлер-2022» Кубогын иеленді. 1-ші орын – Халық әртістері Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің командасы алса, 2-ші орын – М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің командасы, 3-ші орынды С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің және Шәкәрім жоғары колледжінің командалары місе тұтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *