Яков Федоров: «жастарды референдумға тарту үшін олардың пікірі тыңдалатынын дәлелдеу керек»

Д. Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша семинар өтті. Кездесуге блогер  Яков Федоров , ШҚТУ профессор-оқытушылар құрамы, жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағалары және белсенді студенттер қатысты. Яков Федоровтың айтуынша, қазіргі референдум бұрынғыдан мүлдем өзгеше, өйткені бұрын маңызды мәселе ел шекараларының мәртебесін бекіту және экономикалық дағдарыстан шығу болды. «Қазіргі референдумның маңыздылығы-біртұтас қоғам мен ұлт құру керек. Мұндай қадамдарды демократиялық реформаларсыз жасау мүмкін емес, сондықтан менің ойымша, бұл өте уақтылы. Қазір халық демократиялық бағытта одан әрі дамимыз ба, жоқ па, соны шешетін болады»- деді Яков Федоров. Талқылау барысында спикерлер алдағы өзгерістер халықтың қатысуы үшін көбірек мүмкіндіктер беретінін атап өтіп, президенттің өкілеттігі қысқарып, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейіп, белсенді азаматтарға саяси аренада жол ашылып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаймақ деп жеткізді. Сондай-ақ елеулі өзгерістердің бірі конститутциялық сотқа кез келген адамның жүгіну құқығы берілді. Демек Қазақстанда адам құқықтары басты рөлге ие болмақ деп ойларын жеткізді. Белгілі блогер Яков жастар алдағы ел өміріндегі маңызды оқиғаға қатысу үшін, оларғареферендум әрбір адамға қандай өзгерістер әкелетінін түсіндіру қажет деп атап өтті. Шара барысында белсенді студенттер спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мәселелерді бірге талқылады. «Менің ойымша, жастардың дауыс беруге қатысуы-болашаққа жасалған үлкен қадам. Қазір халықтың басым бөлігі – жастар, сондықтан олардың республикалық референдумға қатысуы міндетті болып табылады» деді Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 3 курс студенті Ертіс Арханов.  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *