ШҚО-да “балалар әрдайым күле берсін” атты фестиваль өтті

Балалар жылы аясында Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының қолдауымен “Үміт” балалар үйінде “балалар әрқашан күле берсін”фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шара “балаларды қорғау күні” Халықаралық мерекесі қарсаңында өткізілді.  Мерекеге ата-ана болған балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері де келді. Фестиваль басында “Сәби Бақыты” қайырымдылық қорының жетекшісі Ақмарал Мамедова құттықтау сөз сөйледі. «Сіздерді мектептің аяқталуымен және жаздың бірінші күнімен құттықтағым келеді! Бүгін осындай керемет мереке, сіздердің әрқашанда күлімсірегеп жүргендеріңізді қалаймын. Сіздерге жарқын әсерлер тілеймін»  деп құттықтады Ақмарал Мамедова.
Сондай-ақ, іс-шарада жыл бойы “шаштараз-универсал” және “маникюр шебері” курстарынан өткен балаларға “Gold Star”оқу орталығының сертификаттары табыс етілді.   Сонымен қатар, “Үміт” балалар үйінің қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің “балалық шақ досы” медальдарымен марапатталды. «Барлық балаларды “балаларды қорғау күні” Халықаралық мерекесімен құттықтаймын! Балаларымызға бақыт пен денсаулық тілеймін, олардың жүзінен күлкі кетпесін! Осы сәтті пайдалана отырып, бізге әрдайым көмектесетін және қолдау көрсететін демеушілерімізге алғыс айтқым келеді!- деді “Үміт” балалар үйінің жетекшісі Мария Бейсеканова ханым. Мереке барысында балаларға түрлі байқаулар ұйымдастырылып, іс-шара соңында балалар би кешіне қатысты. Мекеме қызметкерлері атап өткендей, 2 маусымнан бастап тәрбиеленушілер “Царская Долина”аймағының сауықтыру лагерінде демалатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *