ШҚО әкімі өңір тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құтықтады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңір тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл мереке демократиялық, экономикалық еркіндік пен әділеттілік салтанатының символына айналғанын атап өтті.

“Бүгін біз ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі-еліміздің Тәуелсіздік күнін атап өтудеміз. Біз, әрине, мемлекетіміздің егемендігі үшін күрескен, Қазақстанның жаңа тарихындағы батырларымызды ұмытпаймыз және оларға ізгі құрмет пен ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап, осы жылдарға дейін біз мықты, серпінді, заманауи мемлекетті табысты дамыту үшін, әрбір қазақстандықтың үйінде бейбітшілік пен бірлік орнауы үшін қызмет етудеміз. Біз болашаққа сеніммен қараймыз және ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдымызға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізуге дайынбыз.

Мен сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын және отбасыларыңызға бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін!”,- деп жазды ШҚО әкімі Даниал Ахметов Instagram-дағы ресми парақшасында.

Сонымен қатар, өңір басшысы 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға арналған естелік іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бір жағынан желтоқсан оқиғасына қатысушыларға құрмет болса, екінші жағынан өскелең ұрпаққа тәуелсіздіктің қаншалықты қымбат екенін еске салады.

Осыған орай, бүгін облыс орталығында Болат Төлепбергеновтің “Шығыстық Желтоқсандықтар” кітабының тұсаукесері, “Желтоқсан алауы” мүсіндік композициясының ашылуы, гүл шоқтарын қою және еске алу асын өткізу жоспарланған.

Жалпы, ШҚО-да бір апта бойы Тәуелсіздік күніне арналған 500-ге жуық маңызды іс-шара өтпек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *