ШҚО-да Тәуелсіздік күні өткізілетін іс-шаралардың басты бағыты-қазақстандықтардың саяси мәдениеті мен азаматтық ынтымақтастығын арттыру

Тәуелсіздік күні Шығыс Қазақстан облысында ел тәуелсіздігі жолындағы негізгі қадамдардың бірі болған Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды еске алып, әрбір азаматқа республика тарихындағы осы күннің мәні мен құндылығын жеткізуге тырысты.

Осылайша, Өскеменде “Желтоқсан алауы” стелласы ашылды. Жетоқсанның сол ызғарлы күндерін еске алу үшін қала әкімшілігінің өкілдері, облыс орталығының қонақтары мен тұрғындары, сондай-ақ Желтоқсан оқиғаларына қатысушылар жиналды. Олар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, естеліктерімен бөлісті. “Біз Қазақстанның Тәуелсіздік күнін таза және ашық аспан астында қарсы алып жатқанымыз қуаныштымыз. Осы шара үшін барлық ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Өйткені, желтоқсан оқиғаларының кейіпкерлерін ұмытпайтын болсақ, олар біздің жүрегімізде мәңгі тірі болады! Мемлекетімізге бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!”, – деді 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері Гүлнар Зекенқызы.

Мүсін Ертіс жағалауында, Ғашықтар аллеясы маңында орналасқанын атап өту керек. Композицияның авторы-белгілі мүсінші Нұрбол Қалиев.

Оның биіктігі 5 метрге жетеді және өзегінде тәуелсіздікті білдіретін жалын жанып тұрған мұзды бейнелейді. Сонымен қатар, мүсіннің жоғарғы жағында бүркіт орналасқан.

Сондай-ақ бүгін қала тұрғындарына Болат Төлепбергеновтің “Шығыстық Желтоқсандықтар” атты кітабы таныстырылып, еске алу асы өткізілді.

Сонымен қатар, Зайсан қаласында Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылса, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында еске алу асы ұйымдастырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *