ШҚО-да “некеге дейінгі кеңес беру курстары ” құрылуы мүмкін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Шығыс Қазақстан облысында “некеге дейінгі консультация беру курсының”пилоттық режимі іске қосылуы мүмкін екенін хабарлады. Бағдарламаның мәні мынада: АХАЖ-ға өтініш берген жастардың тегін, ерікті курстан өтуге және “Бақытты отбасы” мағынасы нені білдіретінін жеткізгіміз келеді.

“Біз бұл жұмысты жазда бастаймыз. Енді біз оны іске асыратын ықтимал аймақтарды қарастырамыз. Бұл Өскемен қаласы болуы мүмкін”, – деді Евгений Кочетов.

Жоба “БҰҰ-Әйелдер” ұйымымен бірлесіп іске қосылады.

Сонымен қатар, брифинг барысында спикер NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатына жүйелі мониторинг тұрақты негізде ұйымдастырылатынын айтты.

“Жұмыссыз жастарды анықтау Еңбек министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен бірлесіп жүргізіп жатқан” отбасының цифрлық картасы ” аясында жүргізілуде. Сондай-ақ, біздің министрлік қалалар мен облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп аулаларды аралайтын болады. Осы аралау аясында біз бұл адамның шынымен NEET жастар санатына жататынын анықтаймыз және осыған сүйене отырып, атаулы жұмыс жасаймыз”, – деп түсіндірді вице-министр.

Бұл ретте, Е. Кочетов ШҚО-да уақытша жұмыспен қамтылмаған жастардың деңгейі төмен екенін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *