1-ші сәуірге дейін көлік салығын төлеп үлгеріңіз

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ШҚО бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсет Мұқашев пен ШҚО бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Медет Тоқтарбековтың қатысуымен “көлік құралдарына салынатын салықты, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығын есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері туралы” тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер, Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдарынада салық төлейтіні сөзсіз. Ал көлік құралы салығынан босатылған жеке тұлғалар жайлы ШҚО бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсет Мұқашев кеңірек айтып өтті. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар,Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, “Халық қаhарманы”, “Қазақстанның Еңбек Ері” атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және “Отан” орденiмен наградталған адамдар,“Батыр ана” атағына ие болған немесе “Алтын алқа” не “Күмiс алқа” алқаларымен наградталған көп балалы аналар. Сонымен қатар, жоғарыда аталған жеңілдіктер тиісті уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың мағлұматтары негізінде қолданылады»,-деп атап өтті Әсет Мұқашев. Сондай-ақ брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысының аумағында есепте 217 315 көлік құралы тіркелгенін, олар бойынша жалпы түсім 2 807 миллион теңгені құрағаны белгілі болды. Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу жақындап қалғанын ескертеді. Азаматтар көлік салығын 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуге тиіс екенін атап өтті. «Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналастырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi Bank, Homebahk (Халық Банкі) мобильді қосымшалары арқылы көруге болады»,-деді ШҚО бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Медет Тоқтарбеков.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *