Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең 7 айға созылады

Биылғы жылдың сәуір айының 5-нен Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпті кезең басталып, орта есеппен қараша айына дейін жалғасатынын, Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Скляр және ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Медет Мұқашев айтып өтті. ШҚО ТЖ департаменті осы кезеңде табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде. Шығыс Қазақстан облысы бойынша өрт қауіпті маусымда апаттар санын азайту және орман және дала өрттерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, бірлескен рейдтер жүргізу үшін азаматтық қорғау қызметкерлері қатарынан мобильдік топтар құрылды. “Geosat” ЖШС-мен жылу нүктелері бойынша ғарыштық мониторинг деректерін беру туралы шарт жасалды. «Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері өңірде шөптің жануын сөндіруге 30-ға жуық шығу жүзеге асырылды, оның ішінде өткен демалыс күндері 12 жағдай. Оқиғалардың көпшілігі ашық аумақта және саяжай қоғамдарының жанында тіркеледі. Брифингте ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Медет Мұқашев жыл сайынғы табиғи өрттерді талдауға сәйкес өрт қауіпті маусымд шілде-тамыз айларына келетінін атап өтті. «Жыл сайынғы проблема өрттің орман қоры жерлеріне және елді мекендерге ауысуы болып табылады, бұл негізінен қорғаныс жолақтарының болмауына немесе олардың уақтылы жаңартылмауына байланысты. Бұл бағытта жұмыстарды күшейту керек деп ойлаймын. Бүгінгі күні облыста жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылықтарының өртке қарсы техникасымен және жабдықтарымен жасақталуы тиістілік нормаларының 70% – на дейін жеткізілді. ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін “әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 336-бабы, атап айтқанда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы”ҚР Кодексінің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін айтқым келеді»,- деді Медет Мұқашев. Брифинг соңында ШҚО ТЖД мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды, өрт болған жағдайда 101 және 112 телефондарына қоңырау шалуын ескертті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *