Ағымдағы жылы ШҚО-да 30 мыңға жуық жұмыссыз адам жұмысқа орналасады

2023 жылы Шығыс Қазақстан облысында жұмыспен қамту саласындағы барлық қолданыстағы жобалар есебінен 29,9 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова мәлімдеді.

«Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Мемлекет Басшысының 10 мың еңбекке қабілетті халыққа 100 жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде 11 мың 626 адамды қамту жоспарлануда, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде 5 286 адамды жұмысқа орналасады. Мен жұмыспен қамтудың барлығы 6 құралының негізгілерін, атадым», – деді Динара Қожанова.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы департаментінің деректеріне сәйкес 2022 жылы облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады (ҚР-4,9%).

«2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде 6560 адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант мөлшері 400 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, биыл ол 1 млн 380 мың теңгені құрады», – деп түсіндірді спикер.

«Сонымен қатар, ағымдағы жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жастар кәсіпкерлігін қолдау мен дамытудың жаңа тетігі – жастарға микрокредит беруді енгізді. Жастар қатарындағы үміткерлерге микрокредиттер мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып беріледі. Биыл бюджетпен 1 090 млн. теңгеге 218 кредит беру көзделген. Өтінімдерді қабылдау мамыр айынан басталады»,- деп қосты Д. Қожанова.

-Сондай-ақ, облыста мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін жетілдіру, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар аясында жүзеге асырылуда. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес техникалық оңалту құралдары мен қызметтерін дербес таңдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаждардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың 66%-ы қамтамасыз етілді. Биылға жоспар – 90%, аталған мақсатқа 1,7 млрд. теңге бекітілді,- деді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова.

Сондай-ақ, облыста жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қызметін қамтамасыз ететін «Инватакси» қызметінің 7 автомашинасы жұмыс істейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *