ШҚО ТКШ саласында 30 жобаны іске асыруға 8,2 млрд теңге бөлінді

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ТКШ басқармасы құрылыс, энергетика бөлімінің басшысы Рауан Тұрысбек ағымдағы жылы 30 құрылыс жобасын іске асыруға, сондай-ақ сумен жабдықтау мен су бұруды қайта жаңартуға 8,2 млрд.теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл ретте жобалардың жалпы құны-28,5 млрд. теңге.

“Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтаудың 12 жобасын салуға 3,6 млрд теңге бөлінді. Сумен жабдықтау мен су бұрудың 15 жобасын қайта жаңартуға 4,6 млрд теңге бөлінді. 17 жаңа жобаның ішінен 1-еуі Риддер қаласының әкімдігі бойынша конкурстық рәсімдер жарияланған жоқ. Ал 5-мен мердігерлік ұйымдармен шарттар жасалды. Қалған 11-і бойынша мердігерлік ұйымды анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде”, – деді Рауан Тұрысбек.

Сондай – ақ, ол іске асырылып жатқан 30 бағдарламаның 15-і аяқталуға жоспарланып отырғанын, бұл қосымша 4 мыңнан астам адамды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.

“Жыл басынан бері облыс бойынша сумен жабдықтауға қолжетімділік 98,3% -. құрады. Жоспарланған іс – шаралардың қорытындысы бойынша облыс халқының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 2023 жылдың соңына қарай 98,8% – “құрайды”, – деп түсіндірді спикер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *