ШҚО-да 2023 жылы 7 жаңа мектеп салынады

Мемлекет басшысының білім беру жүйесін жан-жақты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Шығыс Қазақстандағы білім беру процесінің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдануда. Ағымдағы жылы өңірде 3 мың орындық 7 мектеп салынады.

«Білім беру ортасы материалдық-техникалық жабдықтау және оқу процесі үшін қолайлы жағдайлармен құрылатынын атап өткен жөн. Өткен жылы 1070 орынға арналған 4 мектеп пайдалануға берілді. 2025 жылға дейін облыста 55 млрд теңгеге 7,1 мың орындық 17 жаңа мектеп салу жоспарланған, оның ішінде 10 – ы «жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша. Биылғы жылы 17 мектептің, 1000 орындық 3 – і пайдалануға беріледі”,-деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов баспасөз мәслихатында.

Облыста мектептерді сапалы жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Өткен жылы 49 білім беру нысандарында ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 26 білім беру объектісінде 1,1 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстары жоспарланған.

“Көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады. Мұғалімнің біліктілігін арттыру арқылы білім сапасын жақсартуға ерекше назар аударылады. Өткен жылы 4,8 мың мұғалім оқыту деңгейін көтерді, оның ішінде Көптілді білім беруді дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде-600 педагог: 400 қазақ тілі мұғалімі 6 айлық курстық қайта даярлаудан, және 200 орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қысқа мерзімді курстардан өтті”, – деді Д.Ахметов, ал курстық дайындық аяқталғаннан кейін оқушылардың білім сапасының деңгейі оң динамиканы көрсеткенін атап өтіп.

Ал ағымдағы жылы 5,3 мың педагогты оқыту жоспарланған, оның ішінде тілдік курстардан 500 мұғалім өтеді: орыс тілінде оқытатын мектептерде 200 қазақ тілі мұғалімі, қазақ тілінде оқытатын мектептерде 200 орыс тілі мұғалімі және 100 ағылшын тілі мұғалімі.

“Шет елдердегі тәжірибе бойынша республикада тұңғыш рет ауызекі қазақ тілінің деңгейін одан әрі арттыру мақсатында Катонқарағай ауданының аумағында оқушылардың тілдік ортаға толық еніп, қазақ тілінде сөйлейтіндердің отбасыларында тұруы бойынша ауқымды жобаны іске асыру басталады”, – деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар, базалық білім берудің маңызды аспектісі халықтың барлық топтары үшін білім берудің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 21 мың оқушы тегін тамақ, мектеп формасы, қысқы аяқ киім, қоғамдық көлікпен жол жүру тегін. 2400 бала балабақшаға тегін барады.

“Дене шынықтыру мен спортты дамыту Тұжырымдамасына сәйкес облыстың спорттық инфрақұрылымын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 3 спорт нысаны, оның ішінде үстел теннисі орталығы пайдалануға берілді. 2023 жылы 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда, оның 5-і жыл соңына дейін іске қосылатын болады. Сонымен қатар, Риддер, Алтай, Шемонаиха қалаларында 3 GIM-орталықтың құрылысы басталады”,-деп қорытындылады өңір басшысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *