ШҚО Антикор экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады

13 сәуірде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Шығыс Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шакенов Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы қызметі туралы брифинг өткізді.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі процестердің ашық болмауынан, әкімшілік кедергілердің болуынан, шенеуніктердің озбырлығынан және заңнаманың жетілмегендігінен туындаған өңір халқы үшін өзекті әлеуметтік мәселелерді айқындады.

2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 12 мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 5 сыртқы талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 128 ұсыныс енгізілді. Олардың 89% – дан астамы іске асырылды.

Мысалы, көші-қон саласындағы талдау жұмыс визаларын ресімдеу және шетелдіктердің елде болу мерзімін ұзарту кезінде көптеген бұзушылықтарды анықтады. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсынымдар әзірленді. Облыстық көші-қон полициясы басқармасының бастығына қатысты пара алғаны үшін қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылды.

Экология саласында талдау жүргізілді, өйткені экологияның ластануы біздің өңірдің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Осы салада жүргізілген талдау барысында жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, атап айтқанда: энергия өндіру технологияларының ескіргендігі, мемлекеттік органдардың өңірдің экологиясын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралардың формальдылығы, қолданылатын отынның сапасына мемлекеттік бақылаудың жоқтығы, экологиялық бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің лауазымды тұлғаларға өз қалауы бойынша іс-әрекеттер мен шешімдер қабылдауға жол беретіндігі анықталды.

Сондай-ақ, экология саласындағы талдау қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен аурулар тізілімінде және емдеу хаттамасында «тыныс алу жолдарының химиялық күйігі» диагнозын бойынша қалпына келтіру жұмыстар жүргізілуде.

«Ондаған жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысының халқы ірі зауыттардың химиялық шығарындыларынан зардап шекті. Аурулар тізілімінде өнеркәсіптік шығарындылардың салдарларынан нақты диагноздың болмауы және өнеркәсіптің теріс әсері туралы үнсіздікті халық бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен байланыстырады. Сонымен қатар, 2006 жылы Денсаулық сақтау министрлігі түсініксіз себептермен «Тыныс алу жолдарының химиялық күйігі» диагнозын алып тастады, бұл қолайлы экологиялық жағдайдың көрінісін тудырады», – деп атап өтті Денис Шакенов.

Облыста айтарлықтай бюджет қаражатын талап ететін бірнеше ұзақмерзімді, ірі құрылыс нысандары бар. Олар Департаменттің жедел бақылауында. Бұл Өскемен қаласындағы гематология орталығының құрылысы, Бұқтырма көпір өткелі, гидроқұрылғылар мен арнайы ХҚКО құрылысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *