Шығыс Қазақстан облысында өндіріс орнындағы жарақат 25% – ға төмендеді

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникация қызметінің алаңында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатовтың қатысуымен брифинг өтті. Халықаралық еңбек ұйымы 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялады, мақсаты әлемдік жұртшылықтың назарын мәселенің ауқымына, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін құру мен ілгерілету жұмыс орнындағы жыл сайынғы өлім-жітімнің төмендеуіне қалай ықпал етуі мүмкін екендігіне көңіл бөлу. Бұл күн алғаш рет 2003 жылы атап өтілді. ХЕҰ ақпараты бойынша жыл сайын әлемде 2,3 миллионға жуық адам жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан қайтыс болады. Оның 317 мыңға жуығы өлімге әкелетін жазатайым оқиғаларды және шамамен 1,7-2 миллион өлім жұмысқа байланысты ауруларды құрайды. Сондықтан, ХЕҰ барлық елдерді жазатайым оқиғалардың алдын алу және бүкіл әлемдегі жұмыс орындарында аурудың ықтималдығын азайту үшін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтуге шақырады. Өндірістік жарақаттануды төмендету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік және ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру үшін кешенді шаралар қабылдау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылға дейін Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары жүзеге асырылуда. Осы мақсатта 12-ші сәуірде облыс прокуратурасының бастамасы бойынша облыс прокурорының төрағалығымен, облыс әкімінің бірінші орынбасары және уәкілетті мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қатысуымен «Тау-кен металлургия саласындағы өндірістегі қауіпсіздік (жарақаттану)» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізілді. Кеңес қорытындысы еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттануды азайту және «Тау-кен металлургия саласындағы өндірістегі қауіпсіздік (жарақаттану)» жобасын іске асыру үшін мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер күш-жігерін біріктіру қажеттілігі туралы шешім қабылданды. «2023 жылдың басынан бастап жұмыс орындарында 11 кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүзеге асырылып, онда 21 өндірістік объектілерді және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындары қамтылды. 25 кәсіпорын «Visionzero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылды. 14 кәсіпорнында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді, онда денсаулық жағдайы бойынша қауіпсіз жұмыс жүргізуді бақылау және персоналды қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқыту бойынша жұмысқа ауыстырылған 64 адам жұмыс істейді. 10 кәсіпорын келісім шарттық қатынастар шеңберінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушіден мердігерге дейінгі бақылаудың сатылы моделін енгізді. 157 тексеру жүргізілді, 282 бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 177, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 82, халықты жұмыспен қамту бойынша – 23, 85 нұсқама беріліп, 10,1 миллион теңге сомасына 62 жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2023 жылдың басынан бастап өндірісте 23 жазатайым оқиға орын алып, онда 24 адам зардап шекті, оның ішінде 1- жағдай өліммен аяқталды, 1 топтық жазатайым оқиға болды, онда 2 адам зардап шекті.»,-деді ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов. Брифинг барысында өндірістік жарақаттанудың жалпы деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% – ға төмендегені және жазатайым оқиғалардың негізгі себептерінің ең көп үлесі зардап шегушінің абайсыздығынан, жұмыс жүргізу алаңында еңбек етуге қолайлы жағдай болмағандығы салдарының да әсері бары белгілі болды. Ал өндіріс салаларында зардап шеккендердің ең көп саны бюджеттік ұйымдарда – 6 адам, тау-кен металлургия өнеркәсібі ұйымдарында – 5 адам, құрылыста – 3 және ауыл шаруашылығында – 3 адам жарақат алған екен. Баспасөз мәслихаты соңында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы еңбек қауіпсіздігін сақтауға сондай – ақ кәсіпорындар аумағында “VisionZero” нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының қағидаттарын ұстануға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *