Шығыс Қазақстан облысы республика бойынша кене энцефалитінің вирусын жұқтыру қаупі жоғары аймақ

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникация қызметінің алаңында ШҚО-дағы кене энцефалитінің эпидемиологиялық жағдайы жайлы ШҚО ДБ штаттан тыс бас эпидемиологы Бұлбұл Сағидолданың, ШҚО ДБ штаттан тыс бас иммунологы Иван Мещеряковтың және ШҚО ДБ штаттан тыс инфекционисті Назигуль Сапарғалиеваның қатысуымен брифинг өтті. Бүгінде өңірде кене энцефалитіне қарсы шаралар өтуде. Жалпы кене энцефалиті – тұрақты табиғи ошақтарда пайда болатын, жоғары қызбамен, интоксикациямен және жүйке жүйесінің зақымдануымен көрінетін қауіпті вирустық инфекция. Кене энцефалитін жұқтырған адамнан вирус сау адамға берілмейтінін брифнгте мамандар айтып өтті. «Шығыс Қазақстан облысы кене энцефалитінің вирусын жұқтыру қаупінің «жоғары» аймағына жатады, аурушаңдық көрсеткіші республика бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есеге жоғары. Әдетте кенелердің маусымы сәуірде басталып, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қыркүйектің соңына дейін созылуы мүмкін. Табиғи ошақтарға облыстың Глубокий, Алтай, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха аудандары және Өскемен, Алтай, Риддер қалаларының маңындағы аумақтар жатады»-, деді ШҚО ДБ штаттан тыс бас эпидемиологы Бұлбұл Сағидолда. Өткен жылы облыста эпидемиологиялық маусымда кене энцефалитінің 9 жағдайы тіркелген болатын. сондықтанда табиғат аясына шыққан кезде абай болуы керектігін мамандар ескертіп отыр. Нақтырақ айтсақ қалын шөпке отырмау және жатпау, киімді, денені және заттарды жиі тексеріп тұру қажет, ал үйге оралған кезде киім мен денені кенелердің бар-жоғын мұқият тексеру керек. Дегенмен, кене энцефалитінен қорғаудың ең тиімді жолы вакцинация екенін ескертті. Ал кене шаққан жағдайда бірден ауруханаға барған дұрыс дейді. «Кенені алып тастау бойынша өз бетінше әрекет жасамау кажет, адамға қауіпті қоздырғыштарды тасымалдауға талдау жүргізу үшін сізге алғашқы профилактика жүргізілетін және кене жойылатын травматологиялық орталыққа бару ұсынылады. Егер кене жарақат орталығына кірер алдында жарадан алынған болса, оны дәрігерлерге беру ұсынылады. Аудандық медициналық орталықтарға, сондай-ақ Өскемен қаласы бойынша хабарласуға болады, бұл ШҚО травматология диспансерінің (Қазыбек би 11) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған «Ана мен бала орталығы» және ересектер үшін «№4 қалалық аурухана»,-деп атап өтті спикер. Ал ШҚО ДБ штаттан тыс бас иммунологы Иван Мещеряковтың «Вакцина кене энцефалитінің вирусына қарсы иммунитеттің дамуын ынталандырады және қазіргі заманғы дәрі-дәрмектерге қойылатын ең жоғары талаптарға жауап береді. Бұл вакцинаның айрықша ерекшелігі-ол қазіргі уақытта белгілі кене энцефалитінің барлық түрлерінен қорғайды»,- деді спикер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *