ШҚО-да 2,5 пайызбен жастарға шағын несие алуға өтінімдер қабылдау басталды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін биыл Қазақстанда жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несиелендірудің жеке тетігі іске қосылды. “Ұсынылған шаралар азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға, қоғамымызды үйлесімді әрі әділ етуге мүмкіндік береді”, – деді Мемлекет басшысы.

Шығыс Қазақстан облысында “Аграрлық несие корпорациясы”АҚ арқылы өтінімдерді қабылдау басталды. Биылғы жылы өңірде жастар үшін 1 млрд 90 млн теңгеге 218 шағын несие қарастырылған.

Жеңілдетілген кредит беру шарттары мынадай: қарыз сомасы – 5 миллион теңгеге дейін; сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5%; қарыз мерзімі – мал шаруашылығын дамыту үшін-7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін-5 жылға дейін. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ – Өскемен қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 51 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Жастарға микрокредит беру бағдарламасының шарттары туралы толық ақпарат agrocredit.kz

сайтында орналастырылған және телефон мына бойынша: 87010061651 толық ақпарат алуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *