Шығыс Қазақстан облысының орталығында 3 жасқа дейінгі дамуында кінәрат бар балаларға арналған заманауи орталық ашылды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының орталығында Ана мен бала орталығының базасында 3 жасқа дейінгі дамуында кінәрат бар балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталығының ресми ашылуы өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімі Даниал Ахметов пен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқармасы төрағасының орынбасары София Айсағалиева, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан қатысты. Орталықта жыл сайын дамуында кінәрат байқалған және олардың туындау қаупі бар 600 бала абилитациялық және оңалту көмегін алатын болады, сондай-ақ озық үлгілі жабдықта диагностикалық аудиологиялық және ми тексеруінен өтеді. Балалармен жұмыс істеу үшін жасақталған мамандардың тобы дайындалды. Мамандарды даярлауға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болған. Орталықтың кабинетін жабдықтап, жиһазбен және заманауи техникамен қамтамасыз етуді «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорлары мойнына алған. Өңір әкімдігі жөндеу жұмыстарын жүргізді. «Балаларды қорғау күні облысымызда балалар мүгедектігінің алдын алу үшін ерте араласу орталығы ашылып жатыр. Бұл дегеніміз балалардың әлеуметтік бейімделуінің ауырлығын азайтуға, әр бала үшін барынша мүмкін болатын өмір сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл орталықтың ашылуы, Мемлекетіміздің қазіргі және болашақ ұрпақтың қамы үшін жасалып жатқан игі дүние деуге болды» деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. Сонымен қатар елімізде биыл ерте жастағы балаларға арналған тағы 13 орталық ашу жоспарлануда. «Қамқорлық» қорының ұсынысымен «Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылдан бері балаларға арналған оңалту орталықтарының ашылуын қаржыландырып келеді. Үш жыл ішінде Қор Қазақстанда 15 «Қамқорлық» оңалту және 6 ерте араласу орталығының ашылуын қаржыландырды. Бұл істе сіздердің өңірде орналасқан Қор кәсіпорындарының да үлесі зор. Тиісті жұмыстар биыл «Қазақстан халқына» қорымен бірлесе жалғасын тауып, тағы 13 ерте араласу орталығын ашудамыз», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов. Балалармен оңалтушы дәрігерлерден, неврологтардан, емдік-дене шынықтыру нұсқаушыларынан, эрготерапевттерден, логопедтерден және дефектологтардан тұратын мамандардың көпсалалы тобы жұмыс істейтін болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *