ШҚО-да онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 15,3% – ға төмендеді

Шығыс Қазақстанда онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі бес жылдық кешенді жоспардың қорытындысы шығарылды. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина айтып өткендей, скринингтік, профилактикалық тексерулердің нәтижесінде қатерлі ісікті ерте анықтауға мүмкіндік туып отырғанын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысы көптеген жылдар бойы онкологиялық ауруларға шалдыққандардың саны жағынан елімізде алдыңғы қатарда болып келді. Өңір дәрігерлері 2018 жылдан бастап онкологиямен күрес жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес жұмыс істеп, 5 жылдан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы нәтижесін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған жоспарлармен Облыстық мәслихаттың отырысында басқарма басшысы бөлісті. «Қатерлі ісікті анықтау қаншалықты жоғары болса, дертке шалдыққан адамдардың саны да жоғары болады»,- деді Г.Сағидуллина.

Оның айтуынша, жыл сайын Шығыс Қазақстан облысында орта есеппен 2500 жаңа қатерлі ісік диагнозы қойылады.ШҚО бойынша диспансерлік есепте 13,5 мың онкологиялық науқас тұр. 2022 жылы облыс бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 350,4 құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 76% – ға жоғары. 2018 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші 11,7% – ға өсті. Көбінесе аймақта, жалпы республика бойынша, сүт безі обыры, өкпе обыры және колоректальды обыр диагнозы қойылады. Сонымен қатар, ер адамдардан қарағанда әйелдердің саны басым. 60-70 жас аралығындағы жандарда жиі шылдығуда. Ал өлім-жітім деңгейінің төмендеуіне қатерлі ісіктерді ерте анықтау бойынша скринингтік іс-шаралар жүргізу, онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу және өңір дәрігерлерінің кадрлық әлеуетін дамыту ықпал етті. Айта кету керек, соңғы 5 жылда онкология және хирургия орталығы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады . Орталықты жаңғырту және заманауи медициналық жабдықтармен – операциялық блокпен, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесімен, Стерилизация бөлімшесімен, маммология және онкогинекология бөлімшесімен техникалық жарақтандыру жүргізілді. Мәселен, 2018-2022 жылдары облыста 7 маммографиялық, 41 рентгенологиялық аппарат, 2 бейнеколоноскоп сатып алынды. Сондай-ақ, 2021 жылдың қазан айында облыстың медициналық ұйымдарында PACS-жүйесі енгізілді. “Қазіргі уақытта мұндай заманауи ақпараттық цифрлық платформа Қазақстанның үш облысында ғана бар. PACS енгізілуімен науқасқа қашықтықтан кеңес беру, оның мұрағатына кіру мүмкіндігі пайда болды, нәтижелерді беру мерзімі қысқарды, жасанды интеллект функциясы қорытынды шығаруды жеделдетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар кадр мәселесі әсіресе рентгенолог дәрігерлердің тапшылығы шешілді”, – деді Сағидуллина.Айта кету керек, соңғы 5 жылда онкология және хирургия орталығы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады . Орталықты жаңғырту және заманауи медициналық жабдықтармен – операциялық блокпен, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесімен, Стерилизация бөлімшесімен, маммология және онкогинекология бөлімшесімен техникалық жарақтандыру жүргізілді. Бұдан басқа, Глубокое ауданының орталық ауруханасына жылжымалы маммограф, Алтай және Глубокое аудандарына колоноскоптар, сондай – ақ Зайсан және Шемонаиха аудандық ауруханаларына компьютерлік томографтар сатып алу жоспарлануда. 5 жыл ішінде онкологиялық орталықтың 40 маманы әлемнің жетекші клиникаларында (Израиль, Ұлыбритания , Германия , Италия , Ресей) тағылымдамадан өтті . 102 дәрігер әлемдік деңгейдегі жетекші мамандарды шақыра отырып, 15 мастер-класта оқытылды .Айта кету керек, соңғы 5 жылда Сәулелік диагностика орталығы 6 млрд теңгеден астам сомаға емдеу-диагностикалық жабдықтармен қамтылды.2018 жылмен салыстырғанда ЖТМК түрлерінің саны 2,5 есеге, көрсетілген қызметтер саны 10 есеге өсті. ШҚО-да онкология саласындағы ЖТМК-тің 9 түрінің 5-ін орындайды. Биылғы жылы өңір дәрігерлері қатерлі ісікті емдеу бойынша тағы 3 Күрделі процедураны енгізетін болады.2023 жылы онкология саласында күрделі және бірегей технологиялардың үш жаңа түрін енгізу жоспарлануда . Осылайша, бүгінгі таңда облыс тұрғындары сапалы және уақтылы онкологиялық көмектің барлық түрлерін ала алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *