ШҚО-да бүгінгі күнге дейін кене шағуына байланысты медициналық көмекке 1698 адам жүгінді

Кене энцефалитінің сырқаттанушылығы біздің аумақ ушін өзекті мәселердің бірі, өйткені Шығыс Қазақстан облысы вирустық кене энцефалитін жұқтырып алу қауіпі жоғары аумақтардың бірі болып саналады және тұрақты табиғи ошақ көзі болып табылады. Кене энфефалитінің табиғи ошақтарының аумақтары Глубокое, Зайсан, Алтай, Катон-Қарағай, Самар, Ұлан, Шемонайха аудандары және Өскемен, Риддер қалаларының шет жақтары. Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ШҚО Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазинаның «ШҚО-дағы кене энцефалитінің эпидемиологиялық жағдайы» жайлы айтып өтті. 2022 жылдың эпидемиологиялық кезеңі бойынша кене энцефалитінің зертханалы түрде расталған 9 жағдайы тіркелген. Кене энцефалитіне жүргізілген көпжылдық динамикасын талдау барысында кене энцефалитін жұқтырудың алғашқы жағдайлары мамыр айларында тіркелетіні анықталды, аурушаңдықтың тіркелуінің жиілеуі маусым-шілде айлары. «Кене энцефалитінің алдын алу мақсатында кене шағуынан зардап шеккен адамдарға тұрақты негізде біздің қызметпен мониторинг жүргізіледі және шұғыл профилактикаға бақылау жасайды. Айта кету керек, біздің облыста кене шағуынан зардап шеккен адамдардың саны жыл сайын республика бойынша ең жоғары болып қала береді және ҚР бойынша тіркелген барлық кене шағулардың 30-35% -. құрайды. Шығыс Қазақстан облысында 2023 жылдың 30 мамырындағы жағдайы бойынша кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінгендердің саны 1698 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 520. Өткен жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда кене шағу жағдайлары 494 жағдайға төмендеген. Алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 1618 адам алды, қалған 80 адам кеш мерзімде медициналық көмекке жүгіну, жеке бас тарту, медициналық көрсетілімдерге байланысты, бұрын екпе алғандар және эндемиялық емес аумақта болуына байланысты көмекке жүгінген жоқ»,- деді Сәуле Сләмғазина. Бүгінгі күні өңірде эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға алдын алу көмегін көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде. «Кене энцефалитімен сырқаттанушылық бойынша эндемиялық аумақтарды кенеге қарсы улау жұмыстары 2 турдан тұрады: көктемгі тур және күзгі тур, Көктемгі тур ағымдағы жылдың 13 сәуірінде басталып қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. 2023 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша жоспарланған 625 гектардың барлық эндемикалық аумақ өңделді. Өңдеу жұмыстары эндемикалық аумақтар Өскемен,Риддер қалаларында, Глубокое, Зайсан, Катон-Қарағай, Ұлан, Шемонаиха, Самар және Алтай аудандарында жүргізілді. Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ аумағында кенелермен күресу үшін қолдануға рұқсат етілген препараттар қолданылады»,- ШҚО Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазина.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *