Тамақтану орындарында астан уланудың алдын алу жолдары

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ШҚО Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алиннің және Өскемен қаласы бойынша Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Салтанат Базарханованың қатысуымен “тамақтану орындарында тамақтан уланудың алдын алу” тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Жазда сапасыз тағаммен улану қаупі қыс мезгіліне қарағанда әлдеқайда жоғары. Ауаның жоғары температурасы және сақтау ережелерін орындамау әдеттегі тағамнан улану мен қауіпті ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан жазда тағамдарды, әсіресе тез бұзылатын тағамдарды таңдауда өте сақ болу керектігі брифинг барысында айтылды.

Тамақтан улануды дамыту тұрғысынан ең қауіпті сүт өнімдері,жұмыртқа, әсіресе шикі жұмыртқа, ет тағамдары, тамырлы көкөністер мен шөптер,балық тағамдары, әсіресе шикі балық, кремі бар кондитерлік өнімдер, үйдегі консервілер мен тұздықтар, маринадтар, саңырауқұлақтар, суықта сақтауды қажет ететін тез бұзылатын тағамдар жатады деп айтып өтті баспасөз мәслихатында. «2022 жылы жаппай тамақтан улану жағдайлары тіркелмеген, 2023 жылдың 5 айында 7 адам зардап шеккен 1 тағамдық уытты инфекциясы тіркелген. Тамақтану объектісі- павильонды жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттің жоқтығын ескере отырып, басқарма мамандары әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама (425-бабына 1-бөлімі, және 463- бабының 2 бөлімі) толтырды, әкімшілік істердің материалдары Өскемен қаласының мамандандырылған сотына жолданды»,- деді ШҚО Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин. Жалпы тамақтан уланудың алдын алу санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүргізуден басталатынын жеткізді Салтанат Базарханова. «Тамақ объектілерінде жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар деп объектіге келіп түсетін азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдері нормативтік және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі және олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуы, жарамды және таза орамада болуы тиіс. Азық-түлік өнімдерінің сақталу жағдайы оның сақталуына, жарамдылық мерзімдерінің сақталу шартына, тауар көршілестігіне қойылатын талаптарды орындай отырып, қамтамасыз етіледі. Тағам өндіру, қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындарында өндірілетін және сатылатын тағам өнімінің ассортименті осы объектілердің үй-жай жиынтығына сәйкес келуі тиіс. Кәсіпорын технологиялық және тоңазытқыш жабдықтармен, мүкәммалмен, ыдыс-аяқпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс. Тамақтану объектілеріне жұмысқа түсетін адамдар қабылдау кезінде алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден, кәсіптік гигиеналық даярлықтан және белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтуге, жеке гигиена ережелерін сақтауға міндетті»,- деп атап өтті Өскемен қаласы бойынша Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *