Даниал Ахметов Зайсан ауданының жаңа әкімін таныстырды

ШҚО, Зайсан ауданына жаңа әкімі болып Аэлита Ахметсәлімқызы тағайындалды. Ол бірнеше жыл Зайсан ауданының мәслихат депутаты, ал биылғы жылдың 19 наурызынан бастап облыстық мәслихаттың депутаты болды. Аймақ басшысы оның саяси тәжірибесі, басқарушылық қабілеті мен жерлестерінің мұң-мұқтажын жақсы білетінін айта келе, болашақта облыстағы жақсы көрсеткіштер көрсететін басшы болатынына сенім білдірді.

Аэлита Ахметсәлімқызы- Зайсан қаласының тумасы. Өскемен педагогикалық институтында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдап, кейін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да педагогикалық білім алған.

Еңбек жолын 1989 жылы балабақша тәрбиешісі болып бастады, әр жылдары мемлекеттік қызмет органдарында, сонымен қатар туризм саласында жемісті еңбек етті.

Аэлита Ахметсәлімқызы 2002 жылдан бүгінгі күнге дейін туған өңіріндегі «Айка» шаруа қожалығын басқарып келеді.

«Аэлита Ахметсәлімқызы жаңа қызметінде өзін сауатты, еститін басшы және ауданды көркейтетініне сенімдімін. Оның үстіне ол Зайсанда болып жатқан барлық жайттан хабардар, жерлестерінің проблемалары мен ұсыныстарын бір кісідей біледі», – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *