Биыл ШҚО Риддер қаласында 10 тұрғын үй салынады

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің м. а. Дархан Қосантаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында 2023 жылы “Ботаника” 3-ші тұрғын ауданында жалпы ауданы 1700 шаршы метр болатын 10 екі пәтерлі тұрғын үй салуға оффтейк-келісімшарт жасалғанын хабарлады. Үйлер ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Спикер 2023-2024 жылдарға қаланы құраушы кәсіпорын “Қазмырыш”ЖШС қаражаты есебінен 5 қабатты тұрғын үй салу жоспарланғанын атап өтті.

“Бірақ бұл үйлер кезектілік мәселесін шешпейді. Біздің қаламызға мемлекеттік тұрғын үй құрылысы қажет. Кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 6-шы шағын ауданда бір 5-қабатты тұрғын үй және 5-ші шағын ауданда бір 9-қабатты үй салуға ЖСҚ әзірленді. Бұл жобалар үшін республикалық бюджеттен 2,2 млрд теңгеге қаржыландыру қажет”, – деді әкімнің м.а.

Сонымен қатар, қаланың тағы бір шешімін таппаған мәселесі, бұл 140 төсектік стационары бар көпбейінді аурухана кешені мен 500 келушіге арналған емхана құрылысын жалғастыруға қаржылаттың жоқтығы болып тұр.

“2021 жылы 26,7 млрд теңгеге аурухана мен емхана құрылысы басталды. 2022 жылы 3 млрд теңге игерілді, ал 2023 жылы қаржыландыру болған жоқ. Біз РБ-дан 8 млрд теңгеге қаражат бөлуге бюджеттік өтінім бердік”, – деп түйіндеді Д.Қосантаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *