ШҚО Күршім ауданында жүк техникасы аударылып қалды

7 шілде күні ШҚО Күршім ауданы Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдарының арасында көлемі 23 тонна болатын күкірт қышқылы бар цистерналы жүк көлігі аударылды.

Апат салдарынан шамамен 20-21 тонна күкірт қышқылы төгілді. Қазіргі уақытта аудан әкімі және уәкілетті органдардан құрылған комиссия оқиға орнында жүр. Авариялық-құтқару жұмыстары арнайы техниканы қолданумен басталды.
Құқықтық бағалау және жауапкершілік заңнамаға сәйкес айқындалатын болады. Қосымша ақпаратты тиісті мекемелер хабарлайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *