ШҚО-да Күршім ауданында төгілген күкірт қышқылын залалсыздандыру шаралары туралы хабарлады

ШҚО СЭБД Күршім аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында 23 тонна күкірт қышқылы бар автоцистерна аударылған жерде бүгін мердігер ұйым “Хим Транссервис” ЖШС топырақ қазып алатынын айтты. Топырақ үйіндісі сілтісіздендіру үшін шығарылады.
Қазіргі уақытта токсикологиялық зерттеулер үшін бұлақтан 2 су сынамасы алынды.
Күршім ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнынан 30 метр қашықтықта құрғап қалған бұлақ арнасы, ал 5 шақырым жерде бұлақ көзі бар. Ол елді мекендерден алыс, сондықтан тұрғындар бұл көзден су пайдаланбайды. Топыраққа төгілген күкірт қышқылының арақашықтығы шамамен 20-40 м құрайды.
Қалғұты ауылдық округінің (Қаратоғай Егіндібұлақ, Ақбұлақ ауылдары) жергілікті тұрғындары хабарландыру арқылы құлағдар етілді (Whatsapp мессенджері).
Сондай-ақ, ШҚО СЭБ департаментінде аудан әкіміне жер жамылғысын залалсыздандыру, алып тастау және оны қалдық қоймасына әкету іс-шараларын бақылау ұсынылғаны атап өтілді.
Естеріңізге сала кетейік, 7 шілдеде Күршім ауданында 23 тонна күкірт қышқылы бар автоцистерна аударылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *