ШҚО-да NEET санатындағы жастардың үлесі төмендеді

ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы жастармен және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Еркебұлан Балтабеков NEET санатындағы жастардың үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға төмендегенін және жастардың жалпы санының 4,1% құрағанын айтып өтті.

– 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жастарды жұмыспен қамтудың негізгі құралы болып табылады. Жыл басынан бері 9 034 адам осы жобаға қатысты. Оның ішінде 6 050 адам жұмысқа ал 5 808 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды,- деді Еркебұлан Балтабеков. – Қысқа мерзімді оқытуға 328 жас жіберілді. 182 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 55 адам бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант алды деп атап өтті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Кәсіпкерлікті қолдау аясында жастар үшін 218 шағын несие беру жоспарланған, бүгінгі таңда 231 адам шағын несие алды.

Облыс бойынша барлығы 104 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 479 жұмыс беруші және 2 569 жұмыс іздеп жүрген жандар, оның ішінде жастар арасынан 500 адам қатысты.

-Ағымдағы жылы “Жасыл ел”жобасы бойынша 1000 ға жуық жастарды жұмыспен қамтуға квота бекітілді. Ал “Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында 43 маман 221,8 млн теңгеге бюджеттік несие алды, 215 маман 74,2 млн теңгеге көтерме жәрдемақы алды, – деп атап өтті спикер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *