125 мың шығыс қазақстандықтар тегін дәрі алады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ШҚО денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және стратегиялық даму бөлімінің бас маманы Еркін Семейханов бүгінгі күні өңір бойынша диспансерлік есепте 201 140 адам тұратынын, оның ішінде 181 761 – ересектер мен 19 379 бала екенін айтты. Белгілі бір аурулармен 125 357 пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

– Диспансерлік пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар жалпы сомасы 12,33 млрд теңгеге өтінім берді. Оның ішінде ТМКБК шеңберінде 12,121 млрд теңге, МӘМС 0,197 млрд теңге, – деді Еркін Семейханов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету шеңберінде жалпы сомасы 10,2 млрд теңгеге 823 049 рецепт жазылды. Бір пациентке орта есеппен 6 рецепт тағайындалды. Дәрілік терапияның орташа құны 75.5 мың теңгені құрайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *