Жас дәрігерлерге жағдай жасау керек – ШҚО әкімі

Самар ауданының ауруханасын медицина қызметкерлерімен толық қамтамасыз ету үшін жас мамандарға жағдай жасау керек. ШҚО әкімі Ермек Көшербаев осылай деп айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz. тілшісі.

Биыл аудан орталығындағы аурухана ғимараты жөнделген. Самарға жұмыс сапармен келген өңір басшысына жөндеу жұмыстарының жай-жапсары жөнінде бас дәрігері Ерік Файзулдинұлы айтып берді.

– Ауруханаға керекті жабдықтардың тізімін жасап, тапсырыс беріңіздер. Үшінші қабатта жасы үлкен кісілер емделіп жатыр екен. Ол кісілер кіріп-шығу үшін лифт керек ғой. Сондықтан лифт салу жағын қарастырыңыздар, – өңір басшысы.

Облыс әкімі медициналық мекемеге кадр тарту үшін аудан әкіміне үй-жай мәселесін шешуді тапсырды. Мәселен, жас мамандарды аурухана маңында салынып жатқан 5 қабатты, 60 пәтерлі үйге орналастыруға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *