ШҚО аудандарында жол жөндеу қарқын алады

Катонқарағай ауданында биыл 39 шақырым жол жөнделді. Келер жылы 1,1 млрд теңгеге 46,8 шақырым жолдар мен көшелерді жөндеу жоспарланып отыр.

Катонқарағай ауданы тұрғындарымен кездесуде ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жаңадан құрылатын Катонқарағай ауданында және Үлкен Нарын ауданында жолдарды жөндеуге жіті көңіл бөлінетінін айтты.

Сондай-ақ аймақ басшысы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Осы жылдың басынан бері Катонқарағай ауданында 58 кәсіпкерге 380 миллион теңгенің мемлекеттік қолдауы көрсетілді. Оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 355 миллион теңгенің 46 несиесі берілді. Жеңілдетілген мөлшерлемемен облыстағы бастамашыл жастарға жалпы сомасы 1 млрд теңге болатын 200-ден астам несие берілді, – деді аймақ басшысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *